Бас мүфти «Жусан-2» операциясы туралы сұхбат берді

    409

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Жусан-2» операциясына қатысты «Хабар 24» арнасына сұхбат берді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.

    «Шам еліндегі мұсылмандарды қорғаймыз», – деген жалаң ұран Орталық Азия, тіпті Еуропадағы жүздеген азаматтардың тағдырын саудаға салды. Олардың ойсыз қадамы артында қалған отбасын қайғы мен уайымның құшағында қалдырды. Арбау мен алдаудың құрбаны болғандар Шам еліндегі қақтығыстың астарында жекелеген мүдде мен саяси мақсат жатқанын соғыс оты шарпыған ортаға барған кезде бір-ақ білді. Алайда бәрі кеш еді…» дейді ҚМДБ өкілі.

    Бағдарлама бүгін, 2019 жылдың 17 мамырында сағат 21:30-да «Хабар 24» арнасынан көрсетіледі.