Бас мүфти: Жақсы қоғам құрудың 4 жолы бар

    0
    514

    Күні кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Хабар 24 арнасына сұхбат берді.

    Сұхбат барысында ол Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму жолына түскен мемлекет екенін айта келе, бейбітшілік пен тұрақтылық, тыныштық ұғымының мәні тереңде жатқанын айтады.

    «Ең бастысы, бүлікке ешқашан жол бермеуіміз керек. Бейбітшілік болмаса берекең қашады, тыныштық болмаса тұрақты даму да болмайды. Үйдің өзінде бір күн ұрыс болса, оның қырық күн кесірі бар» — деген ҚМДБ төрағасы ғұламалар айтқан жақсы қоғам құрудың төрт негізін атады.

    «Бірінші – ғалымның білімі, екінші – патшаның кеңдігі мен әділдігі, үшінші – бай-дәулетті адамның жомарттығы, төртінші – бұқара халықтың дұға-тілегі.

    Демек, ғалым білімін қоғамға жайып, жастарды ғылымға үйретсе, патша халыққа кеңшілік жасап, қоғамда әділдік орнатса, бай кісі қолындағы байлығымен бөлісіп, жомарттық жасаса, ал халық дұғагөйлігін танытса, сонда ол қауымның берекесі артып, бірлігі жарасады.

    Осы құндылықтар үйлесімін тапқан кезде ғана жақсылықтардың есігі ашылады. Бұл төрт негіз – мығым төрт таған іспетті. Егер, бірі бұзылса, қалған үшеуі әлсірейді», – дейді С.Сатыбалдыұлы.