Балғабек Мырзаев

Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев 10 қаңтар 1971 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы — танымал дінтанушы, елімізде білім алған алғашқы дінтанушы маман.
Kazislam.kz ақпараттық-ағартушылық порталының сарапшысы.
 
Білімі:
Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шығыстану факультетін дінтану мамандығы бойынша бітірген.

1995 жылы Түркия Республикасы Анкара қаласы Анкара университетіне магистратураға түсіп, Дінтану магистрі академиялық дәріс алды.

1997 жылы Түркия Республикасы Анкара қаласы Анкара Анкара университетіне Ислам тарихы мамандығы бойынша докторантураға түсіп 2002 жылы бітірген.

1995 — 2002 жылы Түркия Республикасының Анкара қаласындағы А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Анкара филиалының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, біліктілікті көтеру курстары бойынша 2001 жылы Түркия Республикасы Башкент университетінің Сапа мененджментінің басқару курсын, 2002 жылы Түркия Республикасы Халықаралық қатынастар және Қоғамдық Басқару Орталығының арнайы құрсын бітіріп, диплом алды.

Еңбек жолы:

ҚР МСМ Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы.

Б.Мырзаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығыстану факультетін «Философ-дінтанушы және араб тілі оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Дінтану саласы бойынша магистратура және докторантурада оқыған.

1995-2003 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ғылыми қызметкер, университет Президентінің көмекшісі лауазымдарында жұмыс жасады. 2003-2005 жылдары аталған университеттің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2006-2009 жылдар аралығында ҚР Әділет министрлігіне қарасты Дін істері комитетінде бас маман, І санаттағы сарапшы, бас сарапшы лауазымында, ал 2010 жылы ҚР Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің Діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2010-2013 жылдары аралығында «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» корпоративтік қорының атқарушы директоры, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аппаратының басшысы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғылыми сараптау және талдау бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында болды.

Сондай-ақ ҚР Дін істері агенттігінің Конфессияаралық қатынастар департаменті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы, ҚР Қоғамдық даму және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық даму комитетінің төраға орынбасары, төраға міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

Сұрақтарыңызды осы жерге жазуға болады. Қазислам сарапшылары сізге жауап береді

Б. Мырзаевқа қатысты