Бабаларымыз ақидадан адаспаған – теолог

    139

    2 желтоқсан. KAZISLAM – Біздің бабаларымыз ақидадан адаспаған. Дін қалай саф күйінде қазақ даласына жетсе, солай таза қалпында қабылдап ұстанған. Демек біз адаспаған елміз – дейді белгілі теолог-ұстаз Еркебұлан Қарақұлов түркістандық имамдармен өткен кездесуде.

    «Таһа» сүресінің 5-аятында «Әр-Рахман ъаршқа «истиуа» етті» дейді. Мұны біреулер тура мағынасында «Алла Тағала тағына отырды, тұрды» деп түсініп, Алланың есімдеріне адами сипаттар беріп қателеседі. Алла Тағаланың есім сипаттарын дұрыс түсінбесек, оған мұқият болмасақ, Алла Тағалаға дене-пішін беріп, жаратылысқа ұқсатып қоямыз.

    Ақиданың басты мақсаты – Алла Тағаланы бар әрі бір деп тану және ешқандай жаратылысқа ұқсатпау. Деструктивтік ағым өкілдеріне идеологиялық тұрғыдан жауап беруіміз үшін, бірінші Құран тәпсірін, екінші хадис тану, үшінші сахаба, табиғин, имам, ғұламалардың айтқан сөздерін, төртінші бабаларымыздың ұстанымын білу керек.

    Алдыңызға әр түрлі деңгейдегі жамағат келеді. Оларды бөле жарып дәріс өткізе алмаймыз. Сондықтан жоғарыда атаған төрт тәсілмен насихат айту ыңғайлы болады» — дейді Еркебұлан Қарақұлов.

    Семинар-тренингке Шымкент, Түркістан, Арыс, Кентау, Отырар аудандарынан 100-ден аса имам қатысты.

    Пікір жазу