АҚШ: 8 жасар мұсылман шахматтан чемпион болды

    0
    2

    Астана. 19 наурыз. KAZISLAM – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында үйсіз жандарға арналған уақытша панада отбасымен тұратын 8 жасар мұсылман бала шахматтан чемпион болды.

    New York Times газетінің хабарлауынша, Манхэттенде босқындар үйінде отбасымен тұратын 8 жасар Танитолува Адевуми бастауыш мектептер арасындағы шахмат турнирінде өз қатарластары арасынан бірінші орын алған.

    Туған-туыстары мен жақындары Тани деп атап кеткен бала 2017 жылы ата-анасы және үлкен ағасымен Нигериядан «Боко Харам» террористік ұйымынан қашып Нью-Йоркке көшіп келген.

    Тани Нью-Йокртегі №116 мемлекеттік мектепте оқиды. Бір жыл бұрын шахмат клубына жазылып, өзінің қабілетін көпшілік алдында дәлелдеді.

    Мектеп директоры Джейн Хсу New York Times басылымына берген сұхбатында: «Тани – қиыншылықтар жетістіктерге жету үшін кедергі болмайтынына үлкен дәлел» деп атап кетті.