Ақтөбеде «Нұр-Мүбарак» университетінің дайындық бөлімі ашылды

    1244

    24 мамыр. KAZISLAM –  Ақтөбеде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дайындық бөлімі ашылды, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

    Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті дайындық бөлімінің ашылу шарасына қатысты.

    «Мемлекетіміз жастардың білім алуына қолдау көрсетіп, жан-жақты жағдай жасауда. Соның ішінде, діни білімді де шетел аспай-ақ, өз елімізде алуға бүгінгі күнде толық мүмкіндік бар» — деді О.Оразалин.

    «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шаххат ал-Жинди өңір басшысына оқу орнын аралатып, ғимарат ішімен таныстырды. Жаңа төрт қабатты нысан демеушілердің көмегімен тегін беріліп отыр. Заман талабына сай жабдықталған бөлімде өзге өңірден келген білім алушылардың жатып оқуына да жағдай жасалған. Аталған дайындық курсының жиырма адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.