Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram-арнасы іске қосылды

    57

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ресми Telegram-арнасы іске қосылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

    АҚДМ телеграм-арнасында министрліктің қызметі, дайындап жатқан жобалары туралы ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ, көпшілікті толғандырған сұрақтарға ресми жауаптарды дер кезінде жариялап отыру да жоспарланған.

    Бұл арнада басқа да орталық мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпараттарды жедел түрде жариялайтын болады.

    Сонымен қатар, арнада электрондық пошта арқылы кері байланыс қарастырылған. Арнаға мына сілтеме арқылы өте аласыз: https://t.me/aqparatqogam

    Пікір жазу