Ақжайық өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды

    0
    395

    12 шілде. KAZISLAM – Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен М.Қыстаубаев БҚО бойынша өкіл имамы, облыстық орталық мешіттің бас имамы болып тағайындалды, деп жазады durbi.kz.

    Жұма намазын жүргізген ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы Ақжайық жамағатына жаңа өкіл имамды таныстырды.

    – Мұратбек Мұхтарханұлы – әйгілі «Әл-Азһар» университетін тәмамдаған, діни білімі жоғары. 2013 жылдан бастап Орал облыстық мешітінің наиб имамы, Орал медресесі директорының орынбасары қызметін атқарды. Ендігі кезекте әсем Ақжайықтың рухани өміріне қалтқысыз қызмет етіп, бар біліктілігі мен білімін, ынта-жігерін осы өңірдің діни тұрақтылығын нығайтуға жұмсайды деп сенемін» – деді Н.Тағанұлы.

    М.Қыстаубаев – 1983 жылы ШҚО, Жарма ауданы Жайма ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қ.Ясауи атындағы гуманитарлық институтын бітірген.  2005-2013 жылдары Әл-Азһар университетінің Шариғат факультетін тәмәмдаған.

    Отбасылы, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

    Ал, бұған дейін өкіл имам қызметін атқарған Еркебұлан Қарақұлов Шымкент қалалық орталық мешітіне наиб имам, Еңбекші аудандық «Әл-Білал» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.