Ауғанстан: Джаузджан провинциясында лаңкестер жойылды

    54

    Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясында тәлібтердің тобына жасалған әуе шабуылының салдарынан 21 содыр жойылды. Бұл туралы солтүстік аймақтағы әскер өкілі Мохаммад Ханиф Резаяға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

    Шенеуніктің айтуынша, өткен бейсенбі күні таңертең әскери ұшақтар Джаузджан провинциясындағы Манджик аймағының екі шетіндегі тәлібтердің баспаналарына бомбалар лақтырылып, нәтижесінде 21 содыр қаза тапты.

    Қауіпсіздік күштері елдің басқа аймағындағы содырларға шабуыл жасауды жалғастыруда. «Талибан» қозғалысы (ҚР тыйым салынған ұйым) болған оқиғаға әлі түсінік берген жоқ.

    Пікір жазу