Ауылда асар әдісімен мешіт құрылысы басталды

    0
    280

    Нұр-Сұлтан. 25 сәуір. KAZISLAM – Шағын ауыл тұрғындары өз күшімен мешіт тұрғызып жатыр, деп жазады islam.kz.

    Алматы облысына қарасты Ақсу ауданына қарасты Көкжайдақ (Ақын Сара) ауылының тұрғындары асарлатып мешіт тұрғызып жатыр. Асарға ауыл тұрғындары мен осы ауылдан түлеп ұшқан азаматтар қолынан келген көмегін аямай, мешіт пен қатымхана құрылысын бастап кетті.

    Ауыл әйелдері оларға дәм дайындап, өз үлестерін қосуда. Бұған дейін ауыл тұрғындары қыстың көзі қырауда марқұмды ақтық сапары үшін атқарар  шаруаға орын таппай қиналушы еді.