Жаңалықтар
Мьянма премьері азаматтықтан айырылды

Астана. 4 қазан. KAZISLAM – Канада парламенті бирмандық саясаткер және Нобел сыйлығының иегері Аунг Сан Су Чжиді өз елінде рохинжалықтарға зорлық-зомбылық көрсетуге жол бергені үшін азаматтығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп жазады Ansar.ru.
Еске салсақ, бұған дейін Канада премьер-министрі Джастин Трюдо рохинжалық қауымға қысым жасалуына байланысты Мьянма премьер-министрінің бұған дейін берілген Канада азаматтығы жойылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Таяуда ғана БҰҰ оқиғаларды анықтау жөніндегі миссиясы Мьянма елінде этнодіни азшылық қауымға үкіметтік әскер тарапынан аяусыз зорлық-зомбылық жасалғанын растады.
Канада сенаты Су Чжиді 2007 жылы берілген марапаты мен азаматтығынан айру ұсынысына бірауыздан дауыс берді. Өткен аптада Канада парламентінің төменгі палатасы да осы шешімді қолдады.