Бүгін Атырауда төрт мұқтаж отбасына баспана табыс етілді. Осымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Атырауда жеті пәтер тапсырылып отыр.

Зайналбек Типаев баспана бақыты бұйырған шаңырақ иесінің бірі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың баспана қуанышын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған орталық “Иманғали” мешітінің ұжымы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері құттықтады.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыты қайырымдылық. Бүгін “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Атырау орталық мешіті жанынан “Шаңырақ” қайырымдылық қоры құрылды. Аталмыш қордың басты міндеті – мұқтаж отбасыларды басыбайлы баспанамен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні жақында ғана жұмысын бастаған қор арқылы бес баспана тапсырылып отыр. Оның ішінде, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасылар қамтылуда.

Пікір жазу