Атыраудағы Орталық мешітте садақа қабылдайтын терминал орнатылды

    305

    20 қыркүйек. KAZISLAM – «Иманғали» орталық мешітіне электронды садақа терминалы орнатылды. 

    Аталмыш жобаның салтанатты ашылу рәсіміне  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан  Нүкежанов, сондай-ақ, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев арнайы қатысып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

    «Мешітке дұға оқыту үшін келген жамағат садақасын міндетті түрде жәшікке салмай, терминал арқылы да садақа бере алады.

    Ол қаражат тікелей орталық «Иманғали» мешітінің есеп шотына түседі. Осылайша, заманауи үлгідегі терминал мешітпен бірге, жамағат игілігі үшін қызмет етеді» — дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

    Пікір жазу