Атеист ұстаз бен діндар оқушы

    440

    Күндердің күнінде Батыс елінің бірінде атеист ұстаз бастауыш сынып оқушыларына кіріп діни сабақ өтпек болады. Ол сыныпқа кірген бойда:

    — Араларыңда кім атеист? Қолдарыңды көтеріңдер, — дейді. Сол уақытта барлығы қолдарын көтереді. Тек Мариям есімді қыз ғана қолын көтермейді. Оған таңданған ұстаз:

    — Сен неге қолыңды көтермедің? — дейді.

    — Себебі, мен мұсылманмын, дейді мақтанышпен Мариям. Ұстаз сөзін жалғастырып:

    — Не үшін мұсылмансың? — дейді.

    — Себебі, менің ата-анам – мұсылман.

    — Егер сенің ата-анаң ақымақ болғанда, сен кім болар едің? — деп сұрайды. Сонда Мариям:

    — Атеист болар едім, — деп ұстаздың ауызын жапқан екен.

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

    дінтанушы