Арыстағы ағайынға «Елорда асары» ұйымдастырылады

    434

    Нұр-Сұлтан. 25 маусым. KAZISLAM – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы апаттан зардап шеккендерге арналып «Елорда асары» қайырымдылық шарасы басталды.

    Тосыннан келген апат Арыстағы ағайынның тыныштығын бұзып, ел басына күн туғанда – бар қазақтың қабырғасы сөгіліп, қосыла қайғырғаны сөзсіз. «Сайдағы арқардың тұяғына тас батса, қырдағы арқардың мүйізі сырқырайтынындай», бүгін бүкіл қазақ жұртының Арысқа қарай алаңдап, қосыла қайғырып отырған жайы бар.

    Осы орайда қанатымен су сепкен қарлығаштай алыстағы қандасына қамқорлық танытып, қолдан келген көмегін көрсету мақсатында «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «Ғылмани» мешіттерінде гуманитарлық көмек жинау пунктері ашылып отыр.

    Жауапты қызметкерлер:

    Мейрамбек («Әзірет Сұлтан» мешіті)    8 775 136 13 40
    Ербол («Нұр Астана» мешіті)                8 778 120 77 88
    Серікбол («Ғылмани» мешіті)               8 778 452 73 28

    АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:

    -азық-түлік, консервілер;

    -дәнді дақыл өнімдері;

    -балаларға арналған киімдер;

    -төсек орын жабдықтары және т.б.