Араб мемлекеттері лигасы Суданға қатысты үндеу жариялады

    0
    221

    Араб мемлекеттері лигасы Судандағы жағдайды жіті зерттейді және тараптарды диалогқа келуге шақырады. Бұл туралы панарабтық ұйым мәлімдемесінде жарияланды, деп хабарлайды Islam Today.

    Лига мәлімдемесінде осы сындарды сәт «барынша даналықпен шешуді» және «Судан халқының бостандығы, тұрақтылығы, қауіпсіздігі үшін» саяси диалогты қажет етеді.

    Араб мемлекеттері лигасы мәлімдемесінде Суданда бейбітшілік, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізуге ықпалдасатыны айтылған.

    Еске салсақ, елде әскери төңкеріс болып, 30 жыл басқарған Судан президенті Омар әл-Башир мен оның үкіметі биліктен кетірілді. Бүгін президент әл-Баширдің сотқа тартылғаны белгілі болды. Ел билігі екі жыл әскери кеңес қолында болады.