Апостол шіркеуге келушілерімен бірге исламды қабылдады

    126

    Астана. 11 ақпан. KAZISLAM – Нигерияда жергілікті шіркеудің негізін қалаушы апостол өз қауымымен бірге ислам дінін қабылдады, деп хабарлайды Daily Trust.

    «Ақ киімді шіркеулер» тобын құрған 64 жастағы шіркеу қызметкері Апостол Джоэль Джайепе және оның шіркеуіне келуші қауым Ойо штатындағы мешітте өткен шарада түгелдей ислам дінін қабылдаған.

    Исламды жаңа қабылдағандар бұрынғы шіркеу басшысымен бірге дәрет алып, көпшіліктің алдында Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екеніне куәлік етіп, кәлима шаһадатын айтты. Солардың бірі, мектеп мұғалімі Сандея Одугбемидің айтуынша, өзі мен жолдастарының мұсылман болуына Құраннан келтірілген дәлелдер ықпал еткенін, көңілдерінде ешбір күмән қалмағанын айтады.