Алматылық оқушы Абу-Даби университетінің грантын иеленді

    0
    5

    Нұр-Сұлтан. 15 сәуір. KAZISLAM – Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Селимжан Чалышкан екі бірдей халықаралық университеттің грантын жеңіп алды, — деп хабарлайды «Хабар 24».

    Оның бірі – әйгілі Гарвард университеті болса, екіншісі – Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті. Селимжан Чалышкан – зияткерлік мектептің дарынды оқушыларының бірі. Қазақстанның биология пәні бойынша олимпиадалық командасына кірген ол бұған дейін бірнеше халықаралық білім байқауларында жоғары нәтиже көрсеткен. Ғылыми жетістіктерінен бөлек зағип жандарға арналған «Оқып көр» инновациялық жобасы республикалық байқауда үздік деп танылған.

     — Селимжан – ізденімпаз табанды еңбекқор оқушы. Алдына бір мақсат қойса, сол мақсатқа жетпей қоймайтын оқушы. Сонысымен мақтанамын. Сол жеке қасиеті оны осындай биік шыңға алып шықты деп ойлаймын. Өйткені екінің бірі мұндай Гарвард университетіне, немесе бірден екі университетке түсу қолынан келе бермейді, — дейді физика-математика бағытындағы НЗМ биология пәнінің мұғалімі Раушан Бугуева.  

    Әлемге әйгілі Гарвард университетіне түсу расымен де оңай емес. Мәселен, былтыр 43 мың үміткердің 2000 мыңы ғана арманына қол жеткізген. SAT Subjekt Tests халықаралық емтиханында көрсеткен жоғары нәтижесі үшін Гарвард университеті Селимжанға арнайы шақырту жіберіпті.

     — Сэт ридинг бойынша 1480 балл алдым. 1600-ден. Сосын биология химия математикадан таспырған кезде мен математикадан 800-ден 800-ін алдым. Биологиядан 800-ден 800 алдым. Химиядан 470 алдым, — деген Селимжан Чалышкан биыл Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің толық грантына ие болды. Әлемнің ең дарынды жастары білім алатын жоғары оқу орнына үміткерлердің тек 3% ғана қабылданады. Селимжан наурызда университеттің шақыруымен білім ордасына барып, жұмысымен танысып қайтыпты. Енді ол осы екі оқу орнының бірін таңдайды.