Алматыда жаңа мешіт салынып жатыр

    1449

    25 ақпан.  KAZISLAM — Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай Алатау ауданында салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты. Бас имам мешіт кешенін құрылыс басшыларымен аралап көріп, болашақтағы Алматы қалалық Орталық мешітінің жай-күйіне қанықты.  

    7 мың адам сиятын мешіттің жалпы аумағы 16 мың шаршы метр. Мұнараның ұзындығы 50 метрге дейін жетеді. Ғимараттың ішінде әкімшілік пен техникалық блоктардан бөлек, ислам кітапханасы бар. Сонымен қатар құлшылық рәсімін өткізу залдары қарастырылған. Мешіт жеке кәсіпкердің есебінен тұрғызылып жатыр.

    Пікір жазу