«Алладан ұялу» дегенді қалай түсінуге болады?

    139

    Расында да біз мұндай сөздерді естіген уақытты мағынасына терең үңіле бермейміз. Кейде бір сөз немесе сөз тіркесі кең мағынаны қамтып жатады. «Алладан ұялу» сөзі де осындай сөз тіркестеріне жатады. Тақырыпқа орай  бізге жеткен мына хадисты көрейік мұнда нақты жауаб бап сияқты. Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) Алла елшісінен мына хадисті риуаят қылған:«Алланың елшісі (с.ғ.с):

    – Алладан шынайы түрде ұялыңдар!», – деді.

    Сахабалар:

    – Аллаға мақтау болсын! Расында біз Алладан ұяламыз – десті. Пайғамбар (с.ғ.с):

    – Олай емес. Бәлкім кім Алладан шынайы түрде ұялса, онда ол басын бұзық ойлардан сақтайды, қарнын арам тамақтан қорғайды. Сөйтіп өлімді және (денесінің) шірігенін ойлайды.Кім ақыретті қаласа, дүниенің зейнетінен бас тартар. Кім осылай жасаған болса, Алладан ұялғаны, ұятының шынайы болғаны», – деді» (Термези).

    Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдарға алдыңғы пайғамбарлардан: «Егер ұялмасаң қалағыныңды істе», – деген сөз жеткен», – деп айтқан (Бұхари).

    Мұсылман ғалымдар бұл хадистің екі мағынасы бар екенін алға тартқан. Біріншісі, егер ұятың болмаса, онда қалаған нәрсеңді қылғайсың; екінші мағынасы, егер ол іс ұятты қылыққа жатпаса, онда оны жасауға рұқсат.

    Атам қазақтың «Ұят кімде болса, иман сонда» – деген сөзінің төркіні осындай хадистерден шығады. Ұяты бар адамның иманы да толық. Өйткені адам Алла Тағаладан ұялады, жасаған қылығым ақыретте барлық адамдардың көзінше көрсетіледі, сонда шәрменде болып қалармын деп қорқады. Жаман әрі бұзық амалдарға бармайды. Алланыңразылығын ойлайды. Басқаларға жақсылық жасайды, мұқтажға көмек береді, жетімді жарылғайды. Құдайдын ұялған адамның сипаты осындай болмақ.

    Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

    Пікір жазу