Айя-София мешітінде 89 жылдан кейін азан оқылды

    549

    Түркиялық музыкант Эмре Йүжелен қазіргі Айя-София музейінде жеке дауыстың орындауымен акустикалық тест ретінде таспаға жазып алу жұмыстарын жүргізді.

    Музыкант Эмре Йүжелен осыдан шамамен 1500 жылдық тарихы бар, қазіргі Айя-София музейі тарихында алғаш рет акустикалық дыбысты сынақ ретінде жазып алу үшін азан оқылды, деп хабарлады ensonhaber.com.

    Төмендегі видеоның 3-минутынан бастап керемет акустикалық дыбысты тыңдай аласыз…

    Айя-София музейінің директоры Хайрулла Ченгиздің арнайы рұқсатымен акустикалық сынақ дауыс жазбасы аудио және видеотаспаға түсіріліп алынды. Түсірілім барысында  Айя-София музейінің акустикалық жүйесіне кері әсер етпеуі үшін қызметкерлердің ғимаратқа кіруіне рұқсат етілмеді.

    Жалпы сегіз камера мен дыбыс жазу құрылғылары арқылы бір уақытта дауысты жазып алатын бұл шара, алғаш рет Айя-Софияның дыбыстық акустикасын осылайша таспаға түсіріп алды.

    Акустикалық сынақ жазбасы үшін Үлкен Айя-София мешітінің имамы Өндер Сой және Үлкен Айя-София мешітінің азаншысы Ахмет Тораман Айя-София күмбезінің дәл астында қос дауысты азан және мінберде (саба) азанын оқыды. Сондай-ақ, михрабта «Әл-Фатх» және «Нас» сүрелері ешқандай дыбыстың сүйемелдеуінсіз қарапайым дауыспен оқылды.

    Атап айтар болсақ, Айя-София мешіті түріктерге дейін Византия империясында собор, кейін 500 жыл бойы (1935 жылға дейін) түріктердің діни орталығы қызметін атқарған. Ол 1453 жылы мешітке айналдырылғаннан кейін, ғимараттың ішкі көрінісі қайта көркемделеді. ХVI-XVIII ғасырларда мешіт мұнаралары мен қосымша құрылыстары салынады. 1935 жылы Ататүрік Айя-Софияны музейге айналдырған. Әлі күнге дейін музей қызметін атқарып келеді.

    Аударған — Руслан БЕГЕН

    Пікір жазу