Адамның ойы – оның шынайы келбеті

    0
    246

    Күндердің күнінде үш жолдас көшеде кетіп бара жатып жолдың шетінде алды-артына қарамай жер қазып жатқан кісіні көреді. Олар біршама тоқтап біріншісі:

    — Мынау біреуді өлтірген-ау деймін. Соның денесін жасырын көму үшін ор қазып жатқан болу керек, — дейді. Екіншісі:

    — Жоқ, олай емес. Бұл адам өте сараң болуы керек. Тапқан бар дүниесін ешкімге берместен жерге жасырмақшы шығар, — дейді. Сонда үшіншісі:

    — Жоқ, бұл кісі адамдар су ішсін деп құдық қазып жатқан болуы керек, — дейді.

    Түйін: Әрбір адам өзінің ойымен бойында қалыптасқан шынайы келбетінен хабар береді. Жақсы адам өзге туралы жақсы ойлайды, ал жаман адам өзгенің айыбын жариялап, қашан да басқаларға күмәнмен қарайды. Сол үшін Құранда: «Кейбір күмәнда (ойда) күнә бар» делінген.   

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

    дінтанушы