Адам баласын кедейлікке апаратын 13 себеп!

    487

    Кейде бойымыздағы жаман әдетті білсек те көз жұмып жүре береміз. Зер салып қарайықшы. Жағымсыз әдетімізден арылсақ, үйімізге береке, байлық келеді екен. Кедейлік деген ақшаның жоқтығы емес, адамның жұтаңдығы. Мына зерттеуден өзіңізді танысаңыз, ренжімеңіз.

    Жеке тұлғаның өсуі бойынша жаттықтырушы, психолог Евгений Дейнеко керемет зерттеу ұсынады. «13 жылғы психологиялық тәжірибемнің арқасында кедей адамдарға ғана тән бірқатар дағдыны анықтадым. Ақшасыз адамдардың  сондай жаман әдеттерін қайталай беретініне таңым бар. Ең қызығы, бойында таланты бар жандар да сол әдетті жұқтырып, тақырға отырады», — дейді ол. Бағыңды жабатын жаман әдеттер:

    1. Өзгені кінәлау

     Кедей адам өлсе де өзіне жауапкершілік артпайды. Ол өзінің жолы болмай жүргенін отбасынан, әке-шешесінен, әріптесінен, бастығынан, биліктен көреді. Ол былай ойлайды:  «Солар болмағанда, мен баяғыда байып кетуші едім».

    1. Уақытты соза беру

     Кішкентайымыздан естігеніміз: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес». Уақыт зымырап өтіп барады, ал сіз болсаңыз «асыққан – шайтанның ісі» деп жүрсіз. Бұл кезде пысық адамдар сізге бұйырғанды қағып алып кетеді. Бірінші қадам жасап, тәуекелге барғандар ешқашан ұтылмайды. Кедейлерге тән пайымдайтын адам уақытты созып, ақыры түксіз қалып, ақырында ашуланып, өзгені кінәлайды.

    1. Мүлтіксіз әрекет етеді

     Кедей адамдар тәуекелге бел бумайды, жігері жетпейді. Олар тұрақты, бірақ аз жалақыға қанағаттанады. Нәтижесінде өмір бойы  үйреншікті табысын місе тұтып, өзінің тыныш өміріне риза болып жүре береді.

    1. Тегін оқу

    Жұпыны өмірге дағдыланып кеткен адамдар тегін тренинг, семинар, оқу, премьераларға баруға құмар. Тіпті барғанымен, іске жаратпайды. Шабыттанбайды. Нәтижесінде — біліктілігімді арттырып, дамып жатырмын деп өзін алдайды. Шын мәнісінде ешқандай да даму жоқ. Тек өзін жұбату. Тегін текке кететінін білмейді. Табысты болу үшін қажет адамдармен жиі араласып, көздеген мақсатқа жету үшін нақты жоспар құру керек. Тренингтің құны – ол сіздің сәтті болашағыңыздың көрсеткіші ғана емес, ол сіздің ынтаңызға берілген баға.

    1. Өзгенің еңбегін бағаламау

    Кедей адам біреудің арқасында өмір сүргенді ұнатады. Музыканы, тренингтерді, фильмдерді (пираттық) немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді —   торренттерден жүктеп алады. Оның пәлсапасы – ақылы қызметтер мен тауарларды тегін алу. Сөйтіп кедей адамның жасаған қызметін  пайдаланып мәз болады. Ақылы өнімді тегін жүктеп алу ұрлықпен тең. Ал  біреудің зияткерлік меншігін қолды қылған – мәңгі-бақи қайыршы болуға әкеледі.

    1. Өзін мүсіркеу

    Кейбір адамдар өзінің проблемасын айналасынан көріп кінәлайды: қолайсыз географиялық жағдай,  түрінің келіспегені,  өзіне лайықты елде тұрмағаны, кедей отбасында туғаны, білімі жетіспейді және т.б. Кедей адам өзін аяп, мүсіркеп, өкінішпен өмірін өткізеді.

    1. Қыңқылдап, зарлану

    Ақшаң болмаса, әрине қиын. Мұңаясың. Байдың кедейден айырмашылығы сонда, ол сәтсіздік жаңа мақсатқа жетелейтін баспалдақ деп қарайды. Яғни тағдырына зарланып, шағымданбайды.  Кедей адам өзін аянышты қып көрсетіп, жан сырын ақтарып, өміріндегі қиыншылықтарын жыр қылып айтуға құмар. Бірақ одан бойы жеңілдемейді, әмиянында ақша пайда болмайды, солай емес пе?

    1. Жұрт не дейді?

    Табысты адам өзінің жеке басын құрметтейді және айналасындағыларға тәуелді емес. Ал кедей, керісінше, жұрт мен туралы жаман ойламасын деп, бар уақытын, бар күшін өзінің беделін сақтауға жұмсайды. Қалталы, мықты адамдарға еліктейді. Сөйтіп, өзін солармен салыстырудан көк тиын пайда таппай, ақыры қыңқылдап, мұңайып, зарға басады.

    1. Ақшасын текке жұмсайды

     Кедей адамның қаржылық стратегиясы жоқ. Оның мақсаты – ақша тауып, жұмсау. Ал бай адам тапқан табысын капитал құруға құяды. Бұл жағдайда ең көп кездесетін қателік: «Ақшам жоқ болса, оны қайда құям?». Ақшаң жоқ, өйткені сен болашағыңды ойламайсың. Адам көп ақша тапқаннан байымайды, адам табысын сауатты басқарып қана табысқа кенеледі.

    1. Ілезде пайда табуды көздеу

    Кедей адамдар жаңа нәрсеге ұмтылмайды, болашағы үшін жұмыс істемейді, лезде пайда тапқысы кеп тұрады, жеңіл ақшаға құмар. Бұл тұтынушылық мінез-құлықтың басты мысалы. Күш-жігерін жұмсамай-ақ пайдаға кенелгісі келеді. Көктемде отырғызатын картобын ойламай, бар көкөнісін қыста жеп тауысатын шаруа іспеттес.

    1. Өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысу

    Жаныма жақпайтын жұмысқа неге  баруым керек? Мұндайда кедей адамның әрдайым 100 кінәлі адамы, 100 ақталуы, 1000 себебі дайын тұрады. Ол тек аптаның соңын аңсаумен өткізеді. Басшыларды қарғап-сілейді, бірақ дүйсенбі күні сүйретіліп жұмысына шығады. Ал өзінің сүйікті ісімен айналысуына батылы жоқ. Сөйтіп еш өзгеріссіз жылдан-жылға өмірі өте береді.

    1. Уақытын зая кетіру

     Кедей адамның ойы әдетте былай өрбиді: уақытымды қалай «өлтірсем» екен? Бұл ең жаман ой. Дұрысы: уақытымды қалай пайдалы өткізсем болады? Сөйтіп әрқайсысы өз діттегеніне жетеді — кедей уақыты мен өмірін «өлтіреді», ал бай уақытын пайдаға жаратып, содан пайда табады.

    1. Біреудің өмірімен өмір сүру

    Кедейлерге тән қателік –  өзгелердің өмірін өзіне жобалау. Оған сериалдар, көркем кітаптар мен жұлдыздар туралы әңгімелер талпындырып, түрткі болады. Басқа адамдардың керемет өміріне қызығып, өз пұттарының сәттілігін елестетіп, қиялдап, соның көлеңкесінде өмір сүреді. Бойындағы күмәні мен қорқынышынан арыла алмайды. Тағдырының кірпішін өзі қалағысы келмейді. Бұл суреттеуден өзіңізді таныған болсаңыз, мұңаймаңыз. Осыны кәдеге жаратып, өзімді өзгертуге түрткі боларлық ұсыныс жасалды деп қабылдаңыз.  Бұл нашар  әдеттер сізді әрекет етуге талпындырсын! Бақытты болыңыз!

    www.ktk.kz