Жаңалықтар

Түркия палестиналық босқындарға 10 млн доллар бөлді

Түркия Таяу Шығыстағы Палестина Босқындарын Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар істері агенттігі есебіне 10 миллион доллар аударды.

Хабарламада атап көрсетілгендей, бұл қаражат жыл сайын Анкараның ерікті жарнасы болып табылады. Түркия ыртқы істер министрлігі UNRWA-ның қазіргі кездегі қаржылық қиындықтарын туралы ескеріп, осы шешімге келген.

Көмек 5,3 миллион палестиналық босқындарға арналған денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған.

«Түркия, сондай-ақ, UNRWA жобаларын басқа салаларда қолдайды. Түркиялық агенттік жылына 26 мың тоннаға дейін ұн жеткізді. 2018 жылдың 18 мамырында түрік үкіметі палестиналықтарға көмектесу үшін қаражат жинау науқанын бастады », — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Түркия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Газа секторы мен Израильдің шекарасында наразылықтар кезінде зардап шеккен палестиналықтар үшін медициналық өнімдерді сатып алу үшін 1,2 млн. доллар бөлгені айтылды.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close