Жаңалықтар

Томаш Бернард Пэта: «Аборт жасату» мәселесіне қарсымыз!

Астана. 6 желтоқсан. KAZISLAM – Астанада «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» тақырыбында өтіп жатқан конференцияда елордадағы әулие Мария римдік-католиктік архиепархиясының архиепископы Томаш Бернард Пэта соңғы күндері Қазақстанда талқыланып жатқан «аборт мәселесіне» қатысты пікірін білдірді.

-Әйел адамның құрсағына біткен бала тұлға деп саналмаса да, ол – ең алдымен жан иесі. Ал, аборт жасатуға алғаш болып рұқсат берген Ленин мен Гитлер екені тарихтан мәлім. Сонда ары таза қазақ халқының бүгінгі қоғамы кәмелетке толмаған қыздардың аборт жасауына оп-оңай рұқсат беріп қойса, мұндай қылмыстың адам өлтіруден айырмасы қандай? Біз, эпископтар, күрделі мәселенің салдарымен бұлай күресуге қарсымыз. Қазақстандықтар да қоғам болып бұған қарсылығын білдіруі қажет. Қазақтардың дүниетанымы, рухани жігерінің мұндай өзекті проблеманы басқаша шешуге қауқары жетпейді дегенге сену қиын. Керісінше, әлемде бейбітшілік пен келісімді насихаттап отырған мемлекет үшін бұл үлкен кемшілік болар еді деп есептейміз,-дейді Т.Пэта.

Ол кәмелет жасқа жетпеген қыздардың аборт жасауына рұқсат беруге қарсылықтарын ашық білдіру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне дейін үндеу жасап жатқанын және мұндай сорақылыққа билік өкілдерінің жол бермеуі керектігін жеткізді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close