– Ей, Омар! Алланың тағдырынан қашып барамысың? – дейді.
Омар:
– Ия, Алланың бір тағдырынан қашып, екінші тағдырына барамын (Алланың ауру деген тағдырынан, саулық тағдырына қашып барамын) – деп жауап береді.
Кейін Омар тақыр жер мен отты жерді мысалыға келтіреді. Егер малды отқа жаю үшін шөл жерден, көк жерге қоныс аударатын болса, онда бұл – бір тағдырдан екінші тағдырға ауысу деп түсіндіреді.
Түйін:
Хазіреті Омар оба ауруы тараған елде «Аллаға тәуекел мен ауырмаймын», – деп қалған жоқ. Алланың ауыртпайтын себептерін іздеп, басқа жерге қоныс аударды. Сөйтіп, Аллаға тәуекел етті. Екінші мәселе, тағдырдан қашу мүмкін емес екенін білдік.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ