Бетті тұмшалап жабуға заң жүзінде тыйым салынды

Сәрсенбі, 16.05.2018
Бетті тұмшалап жабуға заң жүзінде тыйым салынды

Жаңа заң бойынша бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынды.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында ҚР Дін істері және Азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев мәлімдеді.

Аталған шара азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Бельгияның, Францияның, Австрияның және басқа да бірқатар елдердің заңдарында осы тектес нормалар бар.

Айта кетерлігі, бұл жоба дінге қатысты емес, сол себепті құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы заңға енгізіліп отыр.  

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 563 рет
JoomShaper
Top