Сирия қарулы оппозиция өкілдері Ресейге бармайтынын мәлімдеді

Сәрсенбі, 16.05.2018
Сирия қарулы оппозиция өкілдері Ресейге бармайтынын мәлімдеді

Cирия қарулы оппозициясының өкілдері тек Астанада өтетін келіссөздерге қатысатынын айтты. Олар Ресейге бармайтын болып шешті. Бұл туралы Сирия оппозициясы делегациясының бастығы Ахмед Тома Астанада өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

 "Біз Астанаға келдік, осы мәселені тек Астанда талқылап, осында шешу үшін. Барлық мәселені осында талқылаймыз, басқа жерде емес. Кепіл беруші елдер - Ресей, Түркия мен Иран басқа елге барғысы келсе, өздері біледі, өздері шешеді", - деді ол делегация Сочидегі келесі кездесуге қатыса ма, жоқ па деген сұраққа жауап бере отырып.

КТК телеарнасы Сирия қарулы оппозициясының тағы бір өкілі Ясер Абдулрахимның мәлімдеме жасағанын көрсетті. Онда қарулы оппозиция өкілі Ясер Абдулрахим "Ресей әскері Сириядағы бейбіт халықты, бейкүнә балаларды бомбалауда. Ресей мен Иранның офицерлері аурухана, мектептерді әуеден соққылауын тоқтатпай отыр. Олар Сирия халқын қырып-жоюды доғармаса, біз Сочидегі кездесуге бармаймыз", - деп мәлімдеді . 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 51 рет
JoomShaper
Top