Ғибадат орындарынан тыс неке қиюға тыйым салынды

Сәрсенбі, 16.05.2018
Ғибадат орындарынан тыс неке қиюға тыйым салынды

Астана. 16 мамыр. KAZISLAM - Заңдағы өзгеріс бойынша ғибадат ғимаратынан тыс жерде неке қиюға және оны тоқтатуға тыйым салынды. Бұл мәселе ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында кеңінен талқыланды.

Заң бойынша аталған заңды бұзған жағдайда жеке тұлғаларға 50 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Мәжіліс отырысында депутат Имашева Снежанна Валерьевна ҚР ДІАҚ министрі Дархан Кәлетаевқа бұл өзгеріске байланысты мынадай сұрақ қойды:

- Бұл жағдайда діни жауапкершілікке кім тартылады? Жораны ұйымдастырған діни қызметкерлер ме? Әлде некеге отыратын азаматтар ма?

Өз кезегінде, Дархан Кәлетаев жораны ұйымдастырушы тарап та жеке азаматтар секілді жауапқа тартылып,  50 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтінін айтты.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 313 рет
JoomShaper
Top