Заңдағы өзгерістерді мәжіліс мақұлдады

Сәрсенбі, 16.05.2018
Заңдағы өзгерістерді мәжіліс мақұлдады

Астана. 16 мамыр. KAZISLAM - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды депутаттар бір ауыздан мақұлдады.

Қатысып отырған 104 депутаттың барлығы заңдағы өзгерістер мен толықтыруларды қолдап дауыс берді.

Заңдағы өзгерістер Елбасының Жарлығымен  бекітілген «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» аясында әзірленді. Сондай-ақ, 2016 жылы 9 қыркүйекте болған елбасының "Қауіпсіздік кеңесіндегі" тапсырмалар негізге алынған. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 147 рет
JoomShaper
Top