Рамазан айының құрметіне 1000-ға жуық тұтқын босатандыққа шығады

Сәрсенбі, 16.05.2018
Рамазан айының құрметіне 1000-ға жуық тұтқын босатандыққа шығады

Астана. 16 мамыр. KAZISLAM - БАӘ түрмелерінен қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты мыңға жуық тұтқын босатылады.

Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, тиісті бұйрықты Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті және Әбу Даби әмірлігінің басшысы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян берді.
Шешімде «қамаудағыларға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру ниеті» айтылған. Шешім бойынша шағын қылмыс жасаған 935 адам бостандыққа шығады. Еске салайық, БАӘ-де Рамазан айы 16 мамырда басталады.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 108 рет
JoomShaper
Top