Өзбекстан: Алғашқы халал қонақ үй ашылады

Сәрсенбі, 16.05.2018
Өзбекстан: Алғашқы халал қонақ үй ашылады

Астана. 16 мамыр. KAZISLAM - Өзбекстанда жуырда алғашқы халал қонақ үйі ашылады. Бұл туралы Өзбекстан туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті өткізген «Халал туризмі» тақырыбындағы презентацияда айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, мұсылмандар арасында туристік бағыттардың танымал рейтингінде Өзбекстан 2017 жылғы статистика бойынша 28-ші орынға ие болды. Алғашқы үштікті Индонезия, Малайзия және Түркияға бастап тұр.

Айта кету керек, жыл сайын 150 миллионға жуық мұсылмандар әртүрлі елдерге саяхаттайды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан халал туризм дамып келеді.

Көбінесе ислам дінін ұстаушылар діни ерекшеліктерді ескере отырып, туристік агенттіктер исламға сай қызметтер ұсынатын елдерді таңдайды: халал тамақ, ерлер мен әйелдерге арналған жекелеген жуыну алаңдары, дұға ету орындары және т.б.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 56 рет
JoomShaper
Top