Қазан: Халықаралық ислам бизнес мектебі ашылды

Сәрсенбі, 16.05.2018
Қазан: Халықаралық ислам бизнес мектебі ашылды

Астана. 16 мамыр. KAZISLAM - Қазан қаласында ISIBEL исламдық бизнес, экономика және құқық халықаралық мектебі ашылды. Оның негізін қалаушылар - Ресей мұсылман кәсіпкерлері қауымдастығы, Қазан (Волга) федералды университеті және Ресей ислам институты.

Мектептің түлектері үш халықаралық дипломмен марапатталады: КФУ (Ресей), Дубай Ислам Экономикасын Дамыту Орталығы және Бахрейндегі Банк және Қаржы Институты . Бағдарлама «Ресей - Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммиті аясында Татарстан Республикасы Инвестицияларды дамыту агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Бірінші тыңдаушылар 100  кәсіпкерғ ғалым, студенттер болды . Мектеп мұғалімдері исламдық қаржыландыру және құқық саласындағы беделді сарапшылар мен тәлімгерлер.

SIBEL оқу үдерісі үш негізгі компонентке бөлінген: бизнес-дәріс , «Ислам экономикасы және құқық» оқу сессиясы және ислам діни қайраткерлерінің экономикалық сауаттылық мектебі.

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 79 рет
JoomShaper
Top