Мүфтият оразаның жаңа кестесін жариялады

Дүйсенбі, 14.05.2018
Мүфтият оразаның жаңа кестесін жариялады

Астана. 14 мамыр. KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы уақытының өзгеруіне байланысты 2018 жылғы Қазақстан аймақтарының Рамазан айындағы ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын жариялады.

Төралқа мәжілісі мүшелерінің ортақ ұйғарымымен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Ал еліміздің барлық аймағы бойынша ораза және намаз кестесі Діни басқарманың ресми muftyat.kz сайтында жарияланған.

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 854 рет
JoomShaper
Top