Ясауи университеті Нобель сыйлығының лауреатына құрметті профессор атағын берді

Сенбі, 21.04.2018
Ясауи университеті Нобель сыйлығының лауреатына құрметті профессор атағын берді

 Ясауи университеті Нобель сыйлығының лауреаты Әзиз Санжарға құрметті профессор атағын берді.Бұл туралы ақпаратты "kazinfotm.kz" таратты.

 

Химиядан Нобель сыйлығының лауреаты Әзиз Санжар өзінің жетістіктерінде түрік әлемінің рөлінің үлкен екенін айтты, деп жазады Түркия Радио Теледидар мекемесінің порталы.Аталған БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстандағы сапары аясында Түркістан қаласына барған Санжар осында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне барған. Ясауи университетінде Әзиз Санжар құрметті профессор атағына ие болған.

Санжар осында сөз сөйлеп, түрік әлемінің өзіне деген ықыласына риза болғанын, осы ықыласқа лайықты болуға тырысатынын айтты. «Түркиядан басқа түркі республикалары басқа елдердің билігінде болған кезде де олар менің жүрегімде болатын. Осы тұрғыдан түрік әлемі - мен үшін күш-қуат көзі, жетістіктерімде үлкен рөлі бар», - деді ол. «Санжар түрік әлемінің бұрын ғылым ошағы болғанын, мұны Еуропаның да, Американың да қабылдайтынын, түрік әлемі тарихта 500 жыл ғылымда көшбасшы болғанын, артынан түрлі себептермен артта қалғанын айтты. «Нобель сыйлығы - өлшем емес. Бірақ бір ұлттың, мекеменің ғылыми табысын көрсетеді», - деді ол. Атақты ғалым жастарды ғылыммен айналысуға шақырды. Қожа Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңес төрағасы профессор Мұса Йылдыз Нобель сыйлығын алған Санжардың Қазақстанға келгеніне қуанышты екендерін тілге тиек етті», - деп жазады ТРТ порталы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 173 рет
JoomShaper
Top