Зам-зам суы туралы фильм (фото+видео)

Жұма, 20.04.2018

Сауд Арабиясында Қасиетті екі мешіт Президиумының қолдауымен «Zamzam Al Mubarak Water» - «Қасиетті су Зам-Зам» атты деректі фильм түсірді.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, фильмнің тұсаукесері алдағы аптада  Ханзада Халид Аль-Файсалдың қатысуымен өтеді.

Фильмде Зам-Зам суының пайда болу тарихы туралы, оның қалай өндірілетіндігі және бүкіл әлемдегі мұсылмандардың суға қалай қол жеткізетіні туралы айтылады.

Фильм ағылшын және араб тілдерінде түсірілген.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 728 рет
JoomShaper
Top