Дизайнерлерге байқау

Дүйсенбі, 16.04.2018
Дизайнерлерге байқау

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық қоры» дизайнерлерге байқау жариялайды. Бұл туралы «Muftyat.kz» хабарлайды.

 

Байқау шарты бойынша, қатысушы ер және әйел қажыларға арналған киім үлгісін ұсыну қажет.

Жеңімпаз Умра қажылығына бару бақытына ие болады.

Қатысушыға мынадай талаптар қойылады:

1) Сол жақ кеуде тұсында ҚМДБ қажылық қорының логотипі; 

2) Оң жағына фирманың логотипі;

3) Арқасында  QAZAQSTAN жазуы;

4)Оң иық тұсында Қазақстанның туы; 

5) Әйелдерге көйлек пен шалбар;

6) Ер адамдарға ұзын жеңді көйлек пен шалбар;

 7)Киімнің түсін таңдағанда ашық түстерге назар аудару керек.
Үміткерлер киім үлгілерін 27 сәуірге дейін ұсыну қажет. Дайын болған киім үлгілерін Пушкин көшесі, 16/1 мекен-жайына жеткізу керек.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 40 рет
JoomShaper
Top