Қазақстан Сириядағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Дүйсенбі, 16.04.2018
Қазақстан Сириядағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Сириядағы жағдайға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

 

"Қазақстан тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырады. Біз Думадағы химшабуылдарға қатысты жағдай бойынша БҰҰ ҚК мүшелері арасындағы бірліктің жоқтығына алаңдаушылық танытамыз. Қазақстан химиялық қаруды қолдануды айыптайды және зерттеу жүргізу қажет деп есептейді" - деді Қайрат Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде таңертең АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері сириялық үкіметтік нысандарды зымырандармен атқылады. Олардың ойынша, сол нысандар химиялық қаруды өндіру үшін пайдаланылады.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 59 рет
JoomShaper
Top