Бас мүфти Атырауда мешіт жамағатымен кездесті (ФОТО)

Дүйсенбі, 16.04.2018
Бас мүфти Атырауда мешіт жамағатымен кездесті (ФОТО)

Астана. 16 сәуір. KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау қаласында орналасқан «Әт-Тақуа» мешітінің жамағатымен жүздесті.

Мұсылмандардың бірлігі жайлы сөз бастаған бас мүфти: «Әбу Мұса (оған Алла разы болсын): пайғамбарымыз: «Мүмін мен мүмін (яғни, күллі мұсылман үмбеті) бейнебір әрбір бөлшегі бір-бірін жымдастырып тұрған бір үйдің құрылысы секілді», – деп екі қолының саусақтарын бір-біріне айқастырды», – деген. Халқымызда: «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», – деген  тағылымы мол нақыл бар. Тағы бір хадисте айтылғандай, «мүмін бір-біріне жанашырлығымен және рақымшылығымен бір дене секілді: егер дененің бір жері ауырса, онда бүкіл дене онымен бірге ыстығы көтеріліп, ұйқыдан қалып, мазасызданады». Қазір мұсылман жамағатына бірлік, рақымшылық, жанашырлық ауадай қажет. Біз бірлігіміз арқылы талай белестерді бағындыратын боламыз. Жамағаттың бірлігі мығым, мақсаты бір болса, дініміз де өркендейді» деді Серікбай қажы Ораз.

Бас мүфти кездесу соңында жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 38 рет
JoomShaper
Top