Қырғыз мектептерінде дін негіздері оқытылады

Дүйсенбі, 16.04.2018
Қырғыз мектептерінде дін негіздері оқытылады

Астана. 16 сәуір. KAZISLAM – 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Қырғызстанның 56 жалпы білім беретін мектебінде «Діни мәдениет негіздері» пәні оқытылады. Бұл туралы діни мәселелер бойынша үйлестіру жиынында Дін істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің талдау бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Исаева хабарлады.

Оның айтуынша, 2017 жылы аталмыш пән бойынша пилоттық жоба республиканың 10 жалпы білім беретін мекемесінде іске қосылған. «Қазіргі күнде оқушыларға арналған пәндік оқулық, мұғалімдерге оқу құралы әзірленуде, сондай-ақ, таяу болашақта діни мәдениет негіздері бойынша оқытушыларға арнайы тренингтер өткізуді жоспарлаймыз» деді Г.Исаева.

Діни саладағы жобалық қызметтер талқылаған үйлестіру жиыны Қырғызстанның Дін істері жөніндегі комитеті мен Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесе ұйымдастырылды.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 40 рет
JoomShaper
Top