Қытай Інжіл кітабына тыйым салды

Дүйсенбі, 16.04.2018
Қытай Інжіл кітабына тыйым салды

Астана. 16 сәуір. KAZISLAM – Қытай билігі интернет арқылы Інжіл кітаптарын сатуға тыйым салды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, аталмыш тыйымның мән-жайы әзірге жарияланбаған. Қазіргі кезде интернет-дүкен иелеріне Қытай Мәдениет министрлігі тарапынан тексеріс жүргізілетіні туралы алдын ала хабарлама жіберілген.

Еске салсақ, бұған дейін Інжіл кітаптарын стационарлық дүкендерде сатуға тыйым салынған еді. Дін ұстанушылардың пайымынша, бұл тыйымдар биліктің елде христиандықтың таралуына тосқауыл қоюға бағытталған. Ал ақпарат құралдарында Қытайда тұратын мұсылман халқына қатысты да қысым жасау әрекеттері орын алғаны бірнеше рет жарияланған болатын.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 47 рет
JoomShaper
Top