«Әзірет сұлтан» мешіті Аягөздік отбасыға баспана сыйға тартты

Дүйсенбі, 16.04.2018
«Әзірет сұлтан» мешіті Аягөздік отбасыға баспана сыйға тартты

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Аягөздегі су тасқыны кезінде үйін су шайып кеткен отбасыға көпшіліктің көмегі көрсетілді.

 

Қала тұрғыны Ардақ Дүйсеновтің отбасы тілсіз жау кезінде үйсіз далада тентіреп қалған еді.  Қайырымды жандардың қолдауының арқасында  баспаналы болды.

Бұл қуанышты хабармен бас имамның өзі бөлісіп, Дүйсеновтер отбасын қоныс тойымен құттықтап қайтты.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 35 рет
JoomShaper
Top