Шақырылғандардың арасында ТМД мұсылман көшбасшыларының үлкен делегациясы болды. Сапар ТМД елдері мен Сауд Арабиясы арасындағы қатынастар тарихында айтулы оқиға болып мәңгі қалмақ.
Әр мұсылманның арманы болған қасиетті орындардан алған әсерімен бөлісу үшін Коми республикасының делегаты Валиахмад Гаязов деректі фильм түсірген. Делегация құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан Шешенстан, Татарстан, Дағыстан және Кабардино-Балкария және Коми Республикасы, Беларусь елінен ислам қайраткерлері болды.