БҰҰ ДАИШ-қа қарсы күрестің жаңа кезеңіне көшеді

Сейсенбі, 13.02.2018
БҰҰ ДАИШ-қа қарсы күрестің жаңа кезеңіне көшеді

Астана. 13 ақпан. KAZISLAM – ДАИШ халықаралық террористік ұйымына қарсы күресте БҰҰ жаңа кезеңге көшуді көздейді. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында БҰҰ Контртеррористік басқарма басшысы Владимир Воронков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сирия мен Иракта үлкен жеңіліске ұшыраған содырлар ұйымы бұл территорияларда ұзақ тұрақтай алмайды. Ендігі қауіп содырлардың келген елдеріне қайта оралуынан туындауы мүмкін. Бұл жағдайда отандарына оралатын лаңкестердің аты-жөн, жеке деректері туралы ақпараттық базамен алмасуда белсенді жұмыс жүргізу қажет. Осыған байланысты Контртеррористік басқарма басшысы халықаралық қауымдастықтарды терроризмге қарсы күресте күш біріктіруге шақырды.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 46 рет
JoomShaper
Top