Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Сейсенбі, 13.02.2018
Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Астана. 13 ақпан. KAZISLAM – Екі мемлекет лидерлері Палестина мен Израильдің жағдайын және көпшілікті алаңдатып отырған ортақ мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин 12 ақпан күні телефон арқылы сөйлескен. Екі мемлекет басшылары КХДР ядролық қару проблемасын және өзге де алаңдатып отырған ортақ мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, Трамп Израиль мен Палестинаның «бейбіт келісімге» келуі қажет екенін айтып өтті. «Путин Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен кездесетінін мәлімдеді, ал Трамп өз кезегінде тұрақты бейбіт келісім жасайтын уақыт келгенін айтты» дейді АҚШ президентінің әкімшілігіндегілер.

Сонымен қатар, АҚШ басшысы Ан-148 тікұшағында қайтыс болғандарға байланысты Путинге көңіл айтып, тергеу жұмыстарын жүргізуде көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 43 рет
JoomShaper
Top