Катар криптовалютаға тыйым салды

Сейсенбі, 13.02.2018
Катар криптовалютаға тыйым салды

Астана. 13 ақпан. KAZISLAM – Катар орталық банкі республикадағы барлық қаржы ұйымдарына «Биткоин» жүйесіне қатысты барлық операция түрлерін қолдануға тыйым салатынын мәлімдеді.

Орталық банк бұл валюта түрлерімен жұмыс жүргізудің қауіптілігін, ал оны қолданушыларға үлкен санкциялар салынатынын ескертті. Катар банкі криптовалюта айналымына бірнеше мұсылман елдері де тыйым салғанын алға тартты. Сондай-ақ, бірінші кезекте биткойн «заңсыз валюта» саналады, себебі оның бағасы қандай да бір ұлттық банкпен немесе үкіметпен нақтыланбайды.

Сонымен қатар, бұл валюталармен сауда жасау баға тұрақтылығына үлкен қауіп әкеледі, оны қолдануда кепілгер тараптың болмауына байланысты қаржылық қылмыстар мен электронды алаяқтық әрекеттері орын алады.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 83 рет
JoomShaper
Top