ИЫҰ Палестинаға қолдау білдірді

Сейсенбі, 13.02.2018
ИЫҰ Палестинаға қолдау білдірді

Астана. 13 ақпан. KAZISLAM – Палестинаның Рамалла қаласында «әл-Құдыс – Ислам әлемінің жастар астанасы» халықаралық бағдарламасы салтанатты түрде ашылды.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы Жастар форумының бастамасымен ұйымдастырылған шараға ұйымға мүше мемлекеттердің 30-дан аса өкілі, оның ішінде 10 министр қатысты.

ИЫҰ Жастар форумының төрағасы Эльшад Искендеров әл-Құдыстың Ислам әлеміндегі жастар астанасы аталуының маңыздылығын айтып, «кейбір күштердің бұл қаладағы мұсылман бірлігіне сызат түсіргісі келетінін» жеткізді. Сондай-ақ, мұсылман елдерін ынтымақтастыққа шақырды.

Жастар форумы қызметіне Палестина басшысы Махмұд Аббас жоғары баға берді. Ол әсіресе, «әл-Құдыс – Ислам әлемінің жастар астанасы» халықаралық бағдарламасы «Құдысты Палестинадан бөліп алғысы келетіндерге» қарсы жауап болатынын атап кетті.

Еске салсақ, 2017 жылы Ислам әлемінің жастар астанасы болып Путраджая (Малайзаия), Фас (Морокко) және Шираз (Иран) қалалары танылған.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 35 рет
JoomShaper
Top