Шымкентте үлкен мешіт құрылысы басталды (ФОТО)

Дүйсенбі, 12.02.2018
Шымкентте үлкен мешіт құрылысы басталды (ФОТО)

Астана. 12 ақпан. KAZISLAM – Жуырда ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев Шымкент қаласында 8 мың орындық салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Қасиетті құлшылық үйінің құрылыс басына белгілі кәсіпкер, меценат Серікжан Сейітжанов бастаған бір топ ел азаматтары барды.

Жаңа ғибадат үйі қаланың "Нұрсат" шағын ауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8. Мешіттің биіктігі 4,8 метр. Қаланың орталық әкімшілік аймағында орналасқан.

Құрылысшылардың айтуынша, қала орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген. Сондай-ақ, бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен асхана, фитнес орталық орналасады деп жоспарланған.

Мешіттің ортасында михраб және жаздық алаң орналасқан, онда мешітке сыймай қалған 2200 жамағат намаз оқу мүмкіндігіне ие болады.

Мешіттің құрылысы мәрмәр таспен тұрғызылған. Сапасы жоғары деңдейде деп бағаланған мешіт жақын күндері ел игілігіне беріледі.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 148 рет
JoomShaper
Top