Білім министрлігі Нұр-Мүбарак ұстазын Үздік Оқытушы деп таныды

Сәрсенбі, 17.01.2018
Білім министрлігі Нұр-Мүбарак ұстазын Үздік Оқытушы деп таныды

Астана. 17 қаңтар. KAZISLAM – Жыл сайын республикадағы жоғары оқу орындары оқытушылары арасында жыл сайын ең үздіктеріне таңдау жасалады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы қорытынды бойынша мыңдаған ұстаздар арасынан ең үздіктердің тізімін шығарды.

Биыл өз саласының үздік ұстазы болып Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, психология ғылымы бойынша PhD докторы, доцент м.а. (міндетін атқарушы) Әлия Төлегенова танылды.

Жалпы университеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Әлия Аманғалиқызы дәрістері барысында шәкірт бойындағы тұлғалық қабілеттерді ашуға негіздеп, ғылым мен өмірлік жағдайларды қатар қамтып отырады. Дәрістерден тыс қыздар арасында кішігірім тренингтік қосымша сабақтар өткізіп: иманды қыз, ибалы келіннің келбеті, өзін өзі ұстау, жетілдіру мәселелері жөнінде үйретеді. Оған қоса республикалық «Асыл арна» телеарнасында психологиялық жағдаяттарға  арналған орыс тілінде авторлық бағдарлама жүргізеді.

Мемлекеттік деңгейдегі марапатқа «Нұр-Мүбәрак» университеті 16 жылдық тарихында тұңғыш рет ие болып отыр.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 294 рет
JoomShaper
Top