Қарағандыда діни араздықты қоздырған экс-прокурор сотталды

Сейсенбі, 16.01.2018
Қарағандыда діни араздықты қоздырған экс-прокурор сотталды

Астана. 16 қаңтар. KAZISLAM – Қарағандыда адамдар арасында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік және діни араздық туғызғаны үшін бұрынғы прокурор Уәли Әлиасқаров пен  IT-маман Михаил Ткачев сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

«Әлиасқаров Уәли Сапарұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігі бойынша "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" айыпты деп танылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, қоғамдық қауымдастықтарда басқарушы қызметтермен айналысу құқығынан айырылсын» деп Қазыбек би аудандық № 1 соттың судьясы Арғын Құтышев үкімді оқыды.

28 жастағы IT-маманы, инженер Михаил Ткачев та бес жылға бас бостандығынан айырылды. Екі сотталушы да жазасын орта деңгейдегі қауіпісіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, екеуі де соттың бұл үкіміне шағымданбақшы. Айта кетейік, 65 жастағы Уәли Әлиасқаров кеңестік кезеңде прокурор болып қызмет еткен.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 385 рет
JoomShaper
Top